Оның айтуынша, "СКРЭК" төрт сағат ішінде электр қуатын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
"Бригадалардың жұмыс істеп жатқанына осымен 10 сағат болады. Бірақ, сорғыға кептелген мұз массалары процесті қиындатуда, табиғи құбылыс өз өнерін салып жатыр, бұған дейін мұндай жағдай ешқашан болған емес. Тағы төрт баған бүлінген. Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұмыс түні бойы жалғасады. СКРЭК-тің барлық күштері мен құралдары станциядағы электр энергиясын беруді тезірек қалпына келтіруге бағытталған. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз". Серік Мұхамедиев
Қала тұрғындарының аулаларына, сол секілді әлеуметтік нысандарға да су тасып жеткізіліп жатыр.
"Тұрғындар сұрауы бойынша су тасушы көліктердің бару орыны өзгеруі мүмкін, бұл мәселе бойынша "Қызылжар Су" ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады. Су жеткілікті, 10, 20 тонналық цистерналар. Арнайы көліктер де жеткілікті! Ең бастысы, дүрбелеңге салынбаңыздар! Тек ресми дереккөздерге сенім артыңыздар!" Серік Мұхамедиев