Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды

Сурет: pixabay
Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 11 сәуірде кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыпты. Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен. Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр, деп хабарлайды КТК.


"Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой". Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Қайрат Әжбағамбетов
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды