Алматыда қос жол талғамайтын көлікті жолаушылар автобусы түйреп алып, бірнеше метрге сүйреді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 3 мамырда маршруттық автобус пен екі жол талғамайтын көліктің қатысуымен жол апаты болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi Pajero және Lexus RX 300 Брусиловский көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, бағдаршам жоқ қиылысты басып өтпек болады.

Сурет: Zakon.kz

Өзге көліктер оларды өткізіп жібергенімен, №100 қалалық маршруттың автобусы бар жылдамдығыпен келіп Mitsubishi Pajero-ға соғылады. 

Сурет: Zakon.kz

Ол соққы салдарынан өзімен бірге бұрылып жатқан Lexus RX 300-ке қадалды. Одан соң жоғары жылдамдықпен келген автобус екі көлікті де асфальт бойымен бірнеше метрге сүйреп апарды.


Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан бірнеше адам зардап шекті, оларды оқиға орнында дәрігерлер қарады. Ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты