Ертіс өзені – Павлодар қаласы (затон) гидрологиялық бекетінде Шүлбі су қоймасынан келіп түсетін судың ұлғаюына байланысты су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгіден асып кетуі ықтимал. Қауіпті белгіден асқан кезде тас жолдардың, тұрғылықты елдімекендердің және шаруашылық құрылыс нысандарын су алу қаупі бар.
"2024 жылғы 5-7 мамыр аралығындағы кезеңде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде және Алматы қаласына іргелес аумақтарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте өзен-көлдердің кенерінен асуы мен су тасқыны болуы мүмкін", делінген хабарламада.
Сондай-ақ су қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыс нысандары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі жоғары екені де хабарланады.
Айта кетсек, синоптиктер еліміз бойынша 5 мамырға арналған ауа райы болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту жариялаған болатын.