Шүкір сарқырамасы маңында жарақат алған 16 жастағы қыз құтқарылды
Сурет: pexels
Шүкір сарқырамасы маңында, теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биіктікте, 16 жастағы қыз аяғын жарақаттап алып, таудан өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөсіпірімге Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аттанды. Зардап шеккен қызға жеткеннен кейін мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны таудан қауіпсіз түсіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Құтқарушылар қызды төменге алып түсті. Сол жерде оны ата-анасы күтіп алды. Кейін зардап шеккен қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Бұған дейін Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан екі адамның зардап шеккені туралы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript