Санкт-Петербургте көпірден құлаған автобус: қаза тапқандар арасында Қазақстан тумасы да бар

Сурет: Риа Новости
Санкт-Петербург қаласында автобус көпір қоршауын бұзып, өзенге құлады. Жеті адам қаза тапты. Олардың арасында Көкшетау қаласының тумасы, 28 жастағы келіншек те бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марина Санкт-Петербургтегі Васильевский аралының Косой линиясы көшесінде тұрған. Марқұм табиғи косметика сатумен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізетін, арасында кішкентай ұлының да суреттерін үнемі жариялап отыратын. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат "Фонтанка" басылымында жарияланды. Тергеу комитетінің ресми мәліметтері бойынша, жеті адам қаза тапты. Ал жүргізуші ұсталып, одан күдікті ретінде жауап алынуда. 

2024 жылдың 10 мамырында Санкт-Петербургте жол апаттан кейін жолаушылар автобусы көпір қоршауын бұзып, өзенге құлады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды