Су тасқыны: 54 389 адам өз үйлеріне оралды

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ-ның 11 мамыр, сағат 10.00-дегі ақпаратына сәйкес, республикамыз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство бүгін республикамыз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйлеріне оралғанын, ал 5 281 адам, оның ішінде 2 242 бала әлі эвакуациялау пункттерінде қалып отырғанын нақтылады.

"5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жедел желі телефонына 2 261 қоңырау түсті.

Айта кетсек, 11 мамырда ТЖМ Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елдімекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отырғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды