Қарағанды облысында шаруашылық нысан өртенді

Сурет: ҚР ТЖМ
Қарағанды облысы Абай ауданында тұрғын үйдің ағаш конструкциялары мен оған жапсарлас салынған шаруашылық нысан өртенді, қызыл жалын 250 шаршы метрді қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы ТЖД өрт толығымен сөндірілгенін, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ екенін нақтылады.

"Бүгін, сағат 09:14 -те Абай ауданы, Топар ауылы, Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің ағаш конструкциялары мен оған жапсарлас салынған шаруашылық нысаны өртенді, қызыл жалын 250 шаршы метр аумаққа тарады, одан кейін 30 шаршы метр болатын үйдің шатыры құлады", делінген хабарламада. 

Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамның 21 адамы және алты бірлік техникасы, сондай-ақ "Семсер-Өрт сөндіруші" мекемесінің бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.

Қарағанды облыстық ТЖД барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады