Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды

Сурет: ҚР ТЖМ
Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұған себеп - құбыр желісі бөлігіндегі топырақтың жылжуы мен опырылуы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті биліктің мәліметінше, қаладағы 50 жылдық көшесіндегі магистральды кәріз коллекторында оның ұзақ уақыт пайдаланылып келуі және тозуына байланысты құбыр майысып, салдарынан құбыр бойымен өткізу қабілеті едәуір төмендеді, көптеген сызат пайда болды, апаттар жиіледі, ақырында құбырдың жоғарғы бөлігінде топырақ опырылып түскен.

"2023 жылдың шілдесінен бастап құбырдың жоғарғы бөлігінде топырақтың жылжуы және опырылу алаңының ұлғаюы сипатында төрт факті тіркелді. Қалыптасқан жағдайға байланысты Екібастұздағы магистральды кәріз коллекторында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл қаражат бөлуге және жөндеу жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді", - деді 2024 жылғы 15 мамырда  Zakon.kz тілшісіне Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Горводоканал" МКК" траншеясыз тәсілмен (санация әдісімен) кәріз коллекторын реконструкциялау " жобасы әзірленді. Жоба сомасы - 5,2 млрд теңге. Коллектордың ұзындығы - 2,26 км. Құбырдың диаметрі - 1200 мм.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді