Алматылықтарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері жайлы тағы бір мәрте ескертілді

Сурет: Zakon.kz
Алматы ТЖД ғимараттар мен адамдар көп жиналатын орындардан қауіпсіз орындарға эвакуациялаумен бүгінгі жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмикалық жаттығу таңертеңгі сағат 10-да басталады, қала бойынша сирена ойнап, теле-радиохабарлар арқылы ақпарат таратылады.

"Сирена қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады", - деп мәлімдеді қала әкімдігі

Сондай-ақ, ведомство ТЖ кезінде әрбір қала тұрғынының жеке дайындығы зор мәнге ие екенін атап өтті. Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекеттерді де тағы бір мәрте еске салды.

Алғашқы әрекеттер:


Еске салайық, соңғы рет Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар 23 ақпанда өткізілді. Ал қалада 4 наурыз күні сағат 11.22-де 5 баллдық қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінен кейін бірден сирена естілді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды