Атырау облысына тағы бір табиғи қолайсыз ауа райы келе жатыр

Сурет: pxhere
Атырау облысындағы Жайық өзенінің тасуынан бөлек бүгін, 24 мамырда өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, 24 мамырда Атырау облысының оңтүстік, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады.

"Облыстың солтүстік - шығысында, оңтүстігінде, шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м / с. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.Ауа-райының нашарлауына байланысты, құтқарушылар облыс тұрғындарын алыс жолға шықпауға шақыруда".Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Мамандардың айтуынша, әсіресе, тасқын қауіпі күшейіп тұрған Махамбет, Индер бағыттарындағы трассамен жолға шығу - өте қауіпті.

"Атырау облысында табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталуда, тасқын су қаупіне байланысты, кейбір бағыттар бойынша автомобиль жолдары уақытша жабылды",- деп толықтырды ведомство.

Айта кетейік, су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті