Қазақстандық полицейлер ресейлік "атышулы ұрыны" еліне қайтарды

Сурет: polisia.kz
БҚО полицейлері “атышулы ұры” атағына ие 61 жастағы Ресей азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, 19 мамырда ұсталған ер адам Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ол Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен құрықталды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес Ресей Федерациясының сот органдарымен оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы "Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену" бойынша іс қаралуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыстың төрт әрекеті тоқтатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда