Өндіріс орындарында болатын жазатайым оқиғаларға не себеп – Бас еңбек инспекторының жауабы

Сурет: freepik
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов 29 мамырда ОКҚ-да өткен брифинг барысында елімізде өндіріс орындарында алынған жарақаттардың себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жазатайым оқиғалардың себептері әртүрлі, ол әрбір жазатайым оқиғаны тергеу барысында анықталады.

"Мысалы, Астанада 21 мамырда бұрынғы фарфор зауытының қоймасында 12 метр биіктікте шатырдың жабындыларына монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде монтажшы жұмысшылар құлап, оқиға орнында қаза тапты. Ол арада шатыр ағаштары сынып кеткен", – деді Оспанқұлов.

Алдын ала тергеу барысында жұмысшылар ауызша келісу арқылы, яғни ешқандай еңбек шарттарын жасаспай жұмысқа тартылғаны анықталды.

"Қазіргі уақытта бұл жазатайым оқиға бойынша тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр, нәтижесі таяу болашақта белгілі болады (...) Мемлекеттік бақылау анықтаған бұзушылықтардың 20%-дан астамы еңбекті қорғау қауіпсіздігі мәселелеріне тиесілі екенін көрсетеді. Негізгі бұзушылықтар қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеу, жұмысшыларды оқытып, әзірліктен өткізбеу болып табылады", - деп сөзін түйіндеді Төлеген Оспанқұлов.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек