Қарағанды облысында жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды

Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2 маусымда сағат 04:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен жағадан 500 метр қашықтықта моторлы қайық ішінен 1958 жылы туған ер адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда", делінген хабарламада.

Ал 1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті және еріктілердің күштері жұмылдырылды.

"Қарағанды облысының ТЖД балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады: су құралында құтқару жилетін киіңіз немесе құтқару құралы болуы керек. Ықтимал ТЖ кез келген алғышарттары туралы 112 немесе 433636, 433737 телефондары бойынша қоңырау шалыңыздар!". Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді