Атырау маңындағы жағалау бөгеті шайылып кетті

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылы тұсындағы жағалау бөгетінің 100 метрге жуық аумағын ағын су шайып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта yығайту жұмыстары жүріп жатыр.

“Жайық жағасында су деңгейін бақылап тұрған кезекші құрам таңғы 4 шамасында бөгеттің бір бөлігін су шайып, құлап жатқанын байқайды. Біз ТЖ мамандарымен бірігіп, бөгетті жедел түрде нығайту жұмысына кірісіп кеттік. Қазіргі уақытта бұл жерге геомембрана төсеп, қосымша топырақ төгіп жатырмыз. Ағыстың күшімен шайылған бөгеттің аумағы 100 м құрайды. Жалпы су шайған бөгет аумағын шифер жабындық материалымен қорғаймыз деген жоспарымыз болды. Алайда, су деңгейінің тереңдігі кедергі келтірді» дейді участок координаторы Қаһарман Рахметұлы.

Дәл қазіргі сәтте құлаған бөгетті қалыпқа келтіру 90%-ға аяқталды.

Сондай-ақ, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, облыс су тасқынының шарықтау шегінен өтті.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі