Өзенде қоқыс жәшігін жуған дәмхана әкімшілігіне айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы кафелерінің бірінің әкімшілігіне полиция қызметкерлері жақын маңдағы өзенге қоқыс жәшігін жуғаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ПД мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.

"Медеу аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тексеру жүргізіп, бұл заңсыз әрекетті Тереңқұр өзенінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінің қызметкерлері жасағанын анықтады"

Бұл дерек бойынша аталған мекеменің әкімшілігіне ҚР ӘҚбК-нің 505-бабында көзделген құқық бұзушылық – қаланы абаттандыру ережелерін бұзу бойынша хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері 30 АЕК құрады.

Кафе менеджері болған оқиға үшін кешірім сұрады және оқиға сәуір айында болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, кафе қызметкерлері өзендегі қоқыс жәшігін өз бастамасымен жууға шешім қабылдады. Олар қазір бұл кафеде жұмыс істемейді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды