Павлодарда балалар ұйымдастырған ормандағы өрт үшін ата-аналарына айыппұл салынды

Сурет: pixabay
3 маусымда Шалдай орманшылығы №124 орамының орман алқабында құрғақ шөптің жану фактісі тіркелді. Өрттің ауданы 0,01 гектарға жайылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, өрт сөндіруге Шалдай орманшылығының үш техникасы мен 10 адам жұмылдырылған.

"Шыққан оттың себебін анықтау барысында Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің, "Ертіс орманы" табиғи резерваты және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кінәлі кәмелетке толмаған тұлғаны анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды",-делінген ақпаратта.

Балалардың еркелігі ата-аналарға 36 920 теңге шығын келтіргені де атап өтілді.

Бұған дейін "Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ Сарықоба орманшылығының аумағында құрғақ шөптер мен бұталар өртенген. 1 800 гектарды қамтыған өрт 5 маусымда сағат 15:08-де сөндірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды