Бір жасар баланың көкжөтелден қайтыс болуы: дәрігерлер егжей-тегжейін ашты

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды дәрігерлері бір жастан асқан баланың көкжөтелден қайтыс болуына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің KTK-ға берген мәліметінше, ата-анасы баланы бір ай бойы жөтеліп есінен танғанда ғана ауруханаға әкелген. Сондай ақ нәресте туғаннан бері ешқандай вакцина алмаған.

Дәрігерлер 1 жас 9 айлық бала ауыр халде жеткізілгенін айтады. Тіпті оның компьютерлік томографияға түсіру де мүмкін болмаған. Баланы бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосыпты. Дәрігерлер оның ата-анасы вакцинацияға қарсылар қатарынан дейді. Оның үстіне небәрі 990 грамм салмақта дүниеге келген нәресте ана сүтін ембеген.

"Балада ауыр дәрежедегі көжөтел верификацияланды. Екіжақты толық пневмония анықталды. Ауыр дәрежеде. Өкпенің ісінуі, мидың ісінуі, септикалық шок және сепсис болды . Үйде ұзақ емделуіне және бейінді стациянарға 27 тәулікте кеш жүгінуіне байланысты бала қайтыс болды". Бибігүл Төлегенова Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Баланың көкжөтелден қайтыс болуы туралы 11 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты