Ақмола облысында бір күнде екі бала қайғылы жағдайға ұшырады

Сурет: pixabay
Ақмолалық құтқарушылар дабыл қағуда. Бүгін бір бала суға батып кетсе, ал екіншісі терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші оқиға Жақсы ауданында орын алды. 2013 жылы туған бала досымен бірге шомылмақшы болып Қайрақты өзеніне барған. Алайда, мұның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Айта кетерлік жайт, бала суға батып кеткен жер шомылуға немесе балық аулауға арналмаған. Бұған шомылуға тыйым салатын белгілер дәлел.


"Екінші жазатайым оқиға Шортанды ауданында болды. Жеке балабақшалардың бірінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала 2 қабаттың терезесінен құлап түсті. Қазіргі уақытта бала жан сақтау бөлімінде", - дейді құтқарушылар.

Ақмола облысының ТЖД халықты судағы және тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды