ТЖМ Іле-Балқаш табиғи резерватындағы алапат өртке қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 19 маусымда Іле-Балқаш табиғи резерватының аумағындағы өртке қатысты түсініктеме берді. Ведомство резерватта ашық өрт жоқ екенін баса атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ-ның хабарлауынша, қазіргі уақытта ауданы 30 гектардан аспайтын батпақты жерде қамыс өсімдіктерінің бықсуы байқалады. Бұл ғарыштық суреттерде көрсетілген (фотосуреттерде жылу нүктесі белгіленген).

"Елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, өйткені Балқаш ауданына жақын маңдағы Қараой ауылы резерваттан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінгі таңда "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ қызметкерлері осы учаскеде барлау жұмыстарын жүргізуде. Резерват пен ТЖМ бірлескен күштерімен жану ошақтары оқшауланды", делінген хабарламада.

Өрт алаңын Экология министрлігінің комиссиясы белгілейді, оған ТЖМ қызметкерлері де кіретіні де нақтыланады.

19 маусымда "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы алғашқы жылу нүктелері 11 маусымда сағат 11:15-те тіркелгенін, Іле-Балқаш резерватының аумағында алапат өрт болғанын нақтылады. Алдын ала ақпарат бойынша, өртке түрткі - жайдың түсуі.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы