Іле-Балқаш резерватының аумағында алапат өрт болды
Сурет: pixabay
Іле-Балқаш резерватының аумағында алапат өрт болды. Алдын ала ақпарат бойынша, өртке түрткі - жайдың түсуі, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 маусымда "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы алғашқы жылу нүктелері 11 маусымда сағат 11:15-те тіркелгенін хабарлады.
"11 маусым күні сағат 13:45-те орман шаруашылығы бөлімінен Іле-Балқаш қорығы аумағындағы батпақты алқапта қамыс өсімдіктері өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала себеп - найзағай разряды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша өрт аумағы 30 гектарды құрады", делінген хабарламада.
Сурет: gharysh.kz
Бүгінгі күні ғарыштық мониторинг деректері бойынша Іле-Балқаш қорығы аумағында 2024 жылғы 18 маусымдағы өрт аумағы 2794,79 гектарды құрайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript