"Мамандар не жарылғанын тексеріп жатыр". Таразда қатты жер асты дүмпуі болды

Сурет: telegram/taraznews.kz
Таразда түнде ықшам аудандардың бірінде қатты жер асты дүмпуі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 маусымда Taraznews.kz-ның Telegram парақшасы Жамбыл облысы ТЖД-ға сілтеме жасай отырып, жер асты дүмпуі 5-ықшам ауданда №26 үйдің маңында орын алғанын жазады.

"Оқиға орнында бес құтқарушы, екі техника бірлігі, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығынан төрт адам бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұнатаева жер астында жарылыс болғанын айтты. Оқыс оқиға орнына газ қызметі, ЖЭС және "Тараз-су" қызметкерлері келген.  Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

"QazaqGazAimaq" АҚ хабарлағандай, қалалық қызметтер Қарасу ықшам ауданында орын алған оқиғаның себебін анықтауда.

"22 маусымда сағат 21:50-де "QazaqGazAimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласының Қарасу ықшам ауданында қатты жарылыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккендер жоқ. "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жарылыс орнында газ құбыры өтпейтінін, жарылыс басқа нәрсе түрткі болғанын, оның себептері анықталып жатқанын хабарлайды", – деп түсіндірді компаниядан.

Сонымен қатар, газ шаруашылығы қызметінің мамандары оқиға орнын газ өлшейтін құралмен тексерді, ауада газ концентрациясы табылған жоқ.

"Қазіргі уақытта оқиға орны қоршалған, барлық қалалық қызметтер жарылыстың себептерін анықтауда. Алдын ала нұсқа бойынша, жерастынан өтетін жоғары вольтты электр желісінде қысқа тұйықталу болған", – деді QazaqGazAimaq.


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті