Павлодарда құтқарушылар Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның денесін іздестіріп жатыр

Сурет: pixabay
21 маусымнан бастап Павлодар облысында Ертіс өзеніне шомылу кезінде суға батып кеткен ер адамның денесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Павлодардың "VITA" еріктілер жасағы хабарлады.

"Бүгінгі таңда Павлодар облысында 32 және 38 жастағы екі ер адамның денесі іздестіріліп жатыр. Екеуі де  жабайы жағажайларда болып, суға шомылған. Олардың бірі 21 маусымда Железин ауданы Башмачное ауылында Ертіс өзеніне демалуға барған. Екінші жағдай Шідерті ауылының маңындағы Сәтбаев атындағы арнада орын алды. Құтқарушылардың айтуынша, ер адам 22 маусымда таңғы 10 шамасында суға батып кеткен. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - деп жазады еріктілер.

Павлодар облысы ТЖД 22 маусымда жоғалған екі ер адамның бірінің денесі табылғанын хабарлады. Башмачное ауылында Ертіс өзеніне батып кеткен адамды іздеу әлі де жалғасуда. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін