Алматы маңындағы жол апаты: 4 адам қаза тауып, көліктің түгі қалмай жанып кеткен

Сурет: Zakon.kz
27 маусымға қараған түні Алматы маңында ірі жол апаты орын алды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada автокөлігі Үлкен Алматы каналының жолымен Бесағаш ауылының бойымен батыс бағытта бет алған. Әзірге белгісіз жағдайларға байланысты көлік жолдан шығып, кюветке өтіп кетіп, ағашқа соғылған. Артынша түгі қалмай жанып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Өтіп бара жатқан куәгерлер зардап шеккендерді көліктен кезек-кезек шығарып, көмек көрсеткен. Алайда, бір жолаушыны шығару мүмкін болмаған. Ол көлікте жанып кетті.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жатқан өрт сөндіргіштерге қарағанда, куәгерлер өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан. Дегенмен жалынды толығымен өрт сөндірушілер ғана сөндіре алды.

Сурет: Zakon.kz

Жол - көлік оқиғасы салдарынан 2002 және 2003 жылы туған төрт жігіт сол жерде қайтыс болды. Бесіншісі облыстық ауруханаға шұғыл жатқызылды. Оның жағдайы өте ауыр. Ол туралы басқа ақпарат әлі жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, анықтаушы, криминалист жұмыс істеуде.

Сурет: Zakon.kz

Көліктің өзі түгі қалмай жанып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, қатты соққының әсерінен оның қозғалтқышы жыртылған тәрізді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды