Төрт адам қаза тапқан жол апаты туралы Алматы полициясы түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі төрт адам қаза тапқан жол апатына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімшесі хабарлағандай, апат Алматы қаласының Медеу ауданында түнгі сағат 2:20-да болған.

"Lada автокөлігі Үлкен Алматы каналының жолымен келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып, ағашқа соғылған. Нәтижесінде, оқиға орнында көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қайтыс болды, дене жарақаты бар тағы бір жолаушы қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барлығы Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары", - деп хабарлады полиция.

Төрт адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Алматы маңындағы жол апаты туралы хабарладық. Онда, 4 адам қаза тауып, көліктің түгі қалмай жанып кеткен.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады