Медбике болмаған: Бурабайдағы лагерьде 15-тен астам жетім бала ауырып қалды

Сурет: pixabay
Павлодар облысының жетім балалары демалатын Бурабайдағы "Эдельвейс" лагерінен 2024 жылдың 6 шілдесіне қараған түні суық тиіп ауырған бірнеше бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемедегі келеңсіз жайт туралы Павлодар мәслихатының депутаты Гүлжайна Даримова айтты. Ол жұмыс сапары барысында аталмыш лагерьге барған.

"Мұнда Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері демалады. Ақпаратқа сүйенсем, кемі алты баланың қызуы көтерілді. Лагерьде медбике болмаған, жедел жәрдем аумаққа шақырылмайды. Сондықтан түнде жедел жәрдем шақырдым. Олар қызуы бар тоғыз баланы бірден алып кетті",- деп жазды депутат.

Оның айтуынша, таңертең лагерьге Ақмола облысы әкімінің орынбасары, өңірлік денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшылары, сондай-ақ балалар құқықтары жөніндегі уәкіл келген.

"Біз лагерьді тексеріп, біршама құқық бұзушылықтарды анықтадық. Бірақ 250 балаға бір дәрігердің болмауынан басқасының бәріне көзді жұмып қарауға болады. Сондай – ақ, балаларға арналған журналдар жүргізілмейді", - деп қосты Даримова.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 6 шілдеде түнде "Авиценна - Бурабай" ЖШС қабылдау бөлмесіне суық тию белгілері бар балаларды әкелгенін хабарлады.

"Тексеруден кейін олар көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық, үнемі бақылауда".

Сондай-ақ, дәрігерлер лагерьде жүрген балаларды да тексерді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді