Жыл басынан бері судан 131 адам құтқарылды

Сурет: pxhere
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов 11 шілдеде ОКҚ брифингінде судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылды, оның ішінде 35 бала.


«Елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады, онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталды, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116 спорт және туристік мақсаттарға арналған",- деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Ол судағы сақталуы қажет бірнеше талаптарды айтты: 

Апат болған жағдайда ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайлар басқармасының «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет.

Ол бұған дейін Қазақстандықтар суда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 62 миллион теңге айыппұл төлегенін айтқан болатын. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін