Қазақстандықтар суда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 62 миллион теңге айыппұл төледі
Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, судағы қауіпсіздік ережелері талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша 39 мыңнан астам рейдтер мен патрульдік іс-шаралар жүргізген.
"Құқық бұзушылар ҚР ҚК 364 ("Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу"), 412 ("Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау"), 440 ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға келу") баптары бойынша жауапқа тартылады. "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске" сәйкес, жыл басында жалпы сомасы 62 миллион 608 мың теңгеден астам сомаға 9 мыңға жуық хаттама толтырылды", - деді спикер.
Ол судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету су айдындарындағы оқиғалардың санына тиімді әсер ететінін атап өтті.
Бұған дейін Ақылбек Ахметжанов қазақстандықтардың су айдындарында қаза табуының басты себебін атаған болатын.