Құлсарыда ер адам суға батып кете жаздады

Сурет: ҚР ТЖМ
2024 жылы 12 шілдеде Құлсары қаласында Қамыскөлде кезекті профилактикалық іс-шара барысында құтқарушылар Нұрсұлтан Әділбаев пен Асқар Сұлтангереев қауіпті учаскеде шомылып жүрген үш ересек ер адамды байқайды. Шомылу кезінде олардың біреуінің өміріне қауіп төнген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, суға батқан ер адамды достары өз бетінше жағаға шығаруға тырысқан, бірақ олардың мұнысынан түк пайда болмаған. 

"Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, зардап шеккен адамды жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны  жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде адам өмірі құтқарылды", делінген хабарламада.

ТЖМ барлық азаматтарды судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды