Есірткі оралған қапты жұтып қойды: Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматы ұсталды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.

"Lada Largus" маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды.

Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.

Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі