Қазақстанда түрме тұрғындарының саны жылдан-жылға өсіп келеді

Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков 2024 жылғы 18 шілдеде ОКҚ брифингінде Қазақстан түрмелерінде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің мәліметінше, Қазақстанда 78 түзеу мекемесі жұмыс істейді, онда 37 мыңнан астам сотталушы жазасын өтеп жатыр.

"Оның 3 мыңға жуығы әйелдер және 50-ден астам кәмелетке толмағандар. 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, ол соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға жуық өскенін айтты.

"Бұл бөтеннің мүлкін ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы және жол-көлік оқиғалары саласындағы заңнаманың қатаңдатылуына байланысты",- деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Түрксіб ауданы прокуратурасының бастамасымен 85 сотталушы жұмысқа орналасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды