Ресейден Көкшетауға жеткізілетін ағаштардан қауіпті әрі зиянкес жәндік табылды

Қара қарағай қоңызы, Ресей, Көкшетау, кесілген ағаш, карантин Сурет: ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Ресейден Көкшетауға жеткізілетін кесілген ағаштардан фитосанитариялық қадағалаудың карантиндік тексеруі кезінде зиянкес жәндік - қара қарағай қоңызы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының карантиндік инспекторы Ресей Федерациясынан автомобиль көлігімен келіп түскен көлемі 40 м3 болатын кесілген қарағай материалдарынан карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу барысында қауіпті қоңыз табылғанын хабарлайды.

"Карантиндік инспектор іріктеп алған үлгілер Ақмола облыстық карантиндік зертханасына жіберілді.  2024 жылғы 15 шілдедегі жүргізілген сараптама анықталған нысанның қауіпті карантиндік объект болып табылатын қара қарағай қоңызы екенін растады. Анықталған фитосанитариялық талаптарды бұзу нәтижесінде өнім иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 1-тармағының 1-бөлігінің 400-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, зиянкестің еркін таралуын болдырмау мақсатында 2024 жылғы 17 шілдеде 2024 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстанда рұқсат етілген инсектицидтерді қолдана отырып, залалданған ағаш материалдарын химиялық өңдеу бойынша іс-шара өткізуге және карантинге жатқызылған өнімді химиялық препараттармен зарарсыздандыру бойынша орындалған жұмыстар актісін ұсынуға нұсқама берілді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады