Астанада 14-ші қабаттан секіру арқылы жұбайын қорқытқысы келген ер адам қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны Бектұров 17 мекен-жайындағы тұрғын үй кешенінің 14-ші қабатынан секірмек болып, жұбайын қорқытқаны үшін 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.

"Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды",- делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін отбасылық дебоширлерге емханаларда психологиялық көмек көрсетілетіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін