Бұл туралы 2024 жылғы 23 шілдеде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
"Биылғы далалық маусымда анықталған тұрғын үйлердің орындарын зерттеу нәтижесінде керамика сынықтары мен әртүрлі жануарлардың сүйектері табылды. Пәнаралық зерттеу үшін арнайы сынама-үлгілер алынды",- делінген ақпаратта.
Зерттеуге университет оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Бұл қонысты зерттеу келесі далалық маусымда да жалғасады.
Ғылыми-зерттеу экспедициясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұсынған "Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарының (Шу-Іле ауданы, Тарбағатай және Алакөл алабы) мәдени мұрасын пәнаралық (археологиялық және тарихи-этнографиялық) зерттеу" жобасы аясында іске асырылды. Жоба жетекшісі – PhD доктор Ринат Жұматаев.
Сонымен қатар АҚШ археолог-ғалымы, профессор Клаудиа Чангтың (Claudia Chang) жетекшілігімен Белбұлақ қонысы зерттелді.
Министрліктің ақпаратынша, бұл халықаралық зерттеулер тарих факультетінің жазғы дала мектептерінде дәріс оқуға және ғылыми зерттеулерге қатысуға шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында 2024 жылдың 24 маусымы мен 10 шілдесі аралығында жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, Ресейдің Абакан қаласында археологтар Таштық мәдениетінің ежелгі қонысын тапты.