Алматы облысының тұрғыны терең шұңқырға құлап кетіп, батпаққа батқан

Сурет: Instagram/koliktegi_pd
Қонаев станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында ер адам шұңқырға түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс жағдайға тап болған ер адамды Жетісу станциясындағы қызмет көрсету учаскесін патрульдеп жүрген полиция кіші сержанты Ештай Азамат байқаған.

"Ол дереу шұңқырға жүгіріп барып, қолында бар, тапқан құралдардың көмегімен ер адамға шұңқырдан шығуға көмектеседі. Содан кейін жәбірленушіге медициналық көмек ұсынған болатын, алайда ер адам одан бас тартты. Кейін полиция қызметкеріне көмекке келгені үшін өз алғысын айтып, үйіне қайтты", делінген 2024 жылы 29 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, 26 шілдеде Қызылорда облысында сирек кездесетін жыртқыш аң - қара құлақты қаскөйлер атып тастағаны хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі