Менде де су жоқ – Павлодар әкімі наразы азаматтарға жүгінді

Сурет: gov.kz
Павлодарда жылу желілері гидравликалық сынақтан өтуде. Осыған орай судың жетіспеушілігі тұрғындар арасында наразылық тудырып жатыр. Жағдайға байланысты қала әкімі Хасар Хабылбеков наразы азаматтарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабылбеков 2024 жылғы 29 шілдеде Instagram парақшасында жазба қалдырып, әкімдік алдағы жылыту маусымына қалалық коммуникацияларды дайындау бойынша ауқымды жазғы науқанды аяқтап жатқанын нақтылады.

"29 шілдеден бастап Павлодар қаласының оңтүстік бөлігінде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу басталды. Шамамен 5 тамызда Солтүстік желілік ауданда да осындай сынақтар басталады. Оларды 10 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз". Хасар Хабылбеков

Сондай-ақ, ол сусыз қалған қала тұрғындарын жақсы түсінетінін, олардың арасында өзінің үйінде де су жоқ екендігін атап өтті.

"Ыстық сусыз қалған қала тұрғындарының наразылығын жақсы түсінемін (өзім тұратын үйде де қазір ыстық су жоқ). Бірақ жылу магистральдарын жазғы уақытта гидравликалық сынақтан өткізу - аса маңызды, қажетті шара. Осы арқылы Павлодарды қысқы мерзімге дайындап, болашақ жылыту маусымы кезінде апаттық тәуекелдерді азайту мүмкіндігіне ие боламыз",- деп жазды әкім.

Мұнымен қоса, ол тұрғын үйлер жүйелердің сумен толтырылып, анықталған ақаулардың түзетілуіне орай ыстық сумен қамтылатынын айтты.

"Бұл бағыттағы жұмыстарға бір ай уақыт белгіледім. Яғни, гидравликалық сынақтар барысында пайда болған барлық ақаулар алдағы 3-4 апта ішінде жойылуы тиіс",- деп қорытындылады әкім.

2024 жылғы 23 шілдеде Ақмола облысының екі әкіміне қатаң сөгіс жарияланғаны хабарланған болатын.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты