Істі зерделей келе, полиция қызметкері бастапқыда сотталғанды синтетикалық есірткіні бірге қолдануға көндіргені, оның сеніміне кіріп, қызметкер синтетикалық заттарды сатып алуға ақша бергені анықталды,
"Кейін ол әріптесімен бірге жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізіп, сотталғанды психотроп затты сату барысында ұстаған. Қолжазба сараптамасына сәйкес ЖТӘ туралы бұйрықта тергеушінің қолы жалған екені анықталды",- делінген 13 тамыздағы Бас прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратында.
Заң нормалары анық бұзылуына байланысты Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа наразылық енгізді.
"Қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған сот полицейлердің әрекетін арандатушылық деп танып, сотталғанды ақтап, сот актілерінің күшін жойды".Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазір таңда Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қызметпен полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2024 жылдың 9 сәуірінде Антикор Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің бастықтарын ұстағаны белгілі болды.