Семейде оқушылардың ата-аналары №12 мектептің жанындағы қолайсыздықтарға алаңдайды

Фото: primeminister.kz
Семей қаласында Восточный кенті Целинная көшесінің тұрғындары жақын маңдағы мектептің жанында жарық пен тротуарлардың жоқтығына алаңдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлар бойы созылып келе жатқан мәселені шешу үшін тұрғындар ABAI NEWS қалалық Telegram арнасының әкімшілігіне жүгінді. Белгілі болғандай, өткен жылы аталмыш аймаққа асфальт төселіп, жол белгілері орнатылған. Алайда, жарықтандыру жүргізілмеген.

Жарықтанудың жоқтығы. Сурет: Telegram/ABAI NEWS

Бес ай бұрын ескі тіректердің орнына, жаңалары орнатылған. Ал, жарықты жақын арада береміз деп уәде берген, содан бері еш өзгеріс жоқ.

"Бұл №12 мектепке апаратын басты көше. Әне-міне дегенше оқу жылы басталады. Екінші аусымның балалары қандай қарағылықта қайтатынын елестетіп көріңізші",- деді алаңдаулы ата-ананың бірі.

Белгілі болғандай, жарықтандырудан басқа тротуарлар да әлі жасалмаған. Жаяу жүргіншілер балаларымен қоса өз өмірлерін де қауіпке тігіп, көліктің жолымен жүруге мәжбүр.

Тротуарлардың жоқтығы. Сурет: Telegram/ABAI NEWS

18 шілдеде Семейде қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген адам сотталды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді