CNBC ақпаратынша, жазғы Олимпиададағы жетістіктері үшін спортшыларға ең үлкен сыйақыны Гонконг ұсынды: билік алтын медаль үшін 768 мың доллар төледі. Айта кетейік, Гонконг қоржынында екі "алтын" және "екі қола" бар.
Екінші орында алтын үшін 745 мың доллар ұсынған Сингапур билігі тұр. Тек, өкінішке орай сингапурлықтар Олимпидадан небәрі екі "қоламен" оралды. Оларға билік 186 мың доллар төледі.
Үздік үштікте сыйақы мөлшерін Токиодағы Олимпиадамен салыстырғанда екі есе азайтқанына қарамастан Индонезия алып тұр. Атап айтқанда, 746 мың доллардан 300 мың долларға дейін.
Ал, Қазақстанға келетін болсақ, Олимпиада ойындарында өздерін үздіктер қатарынан көрсете алмаса да, сыйақы төлеуден 5-ші орынды иеленді. Біздің ел "алтын" үшін 250 мың доллар төлесе, "күміс" медальға 150 мың доллар, "қолаға" 75 мың доллар ұсынды.
Сурет: cnbc
Мәселен, Панфилов ауданының баспасөз хатшысы, блогер Нұрбол Ханағаттың жазуынша, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа Панфилов ауданы Toyota Land 300 және 50 000 доллар, Талғар қаласынан 2 бөлмелі пәтер, екі бапкері Жұмахан Тұрғанбеков пен Қоңыратов Боранбекке Haval машинасы, анасына облыс әкімі Жаркент қаласынан 4 бөлмелі үй сыйлады. Одан бөлек жерлестері де ықылас қолдауларын көрсетуде.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасының қортындысы бойынша еліміздің спортшылары 7 медальді (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) қанжығаларына байлады.