Шымкентте мас жолаушы автобус жүргізушісіне тап беріп, салдарынан бір адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 15 тамызында таңертең Шымкент қаласының Сайрам тұрғын үй алабында № 148 автобуста мас ер адам жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Сол кезде ол тежегішті шалт басып, есік маңында тұрған әйел құлап, басын қатты зақымдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолаушы алған жарақаттарынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. Ал мас жолаушыдан зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы - тұрақты.

"Жараланған жүргізуші қазір ауруханада жатыр. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз қоғамдық көліктегі жүргізуші аймағын жолаушылардан оқшаулауды, ол араға әйнек қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе қазір талқылануда", деп Otyrar.kz қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының сөзін келтіреді.

Полиция департаменті қаскөйдің ұсталғанын және оның уақытша ұстау изоляторында екенін нақтылады. 

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр", делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетсек, осы сипаттағы қайғылы оқиға Алматыда 2023 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде автобус аялдама маңындағы адамдарды жапырып өтіп, үш адам қаза тапқан. Оқиғаның себебі - жүргізушіге тұтқиылдан тап берген агрессивті жолаушы.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды