Алматы әуежайы рейстердің кешігу себептерін атады

Фото: Zakon.kz
Алматы халықаралық әуежайында бүгін, 2024 жылғы 21 тамызда тағы да ондаған әуе рейстерінің ұшуы мен келуі кешіктірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе айлағының онлайн-кестесіне сәйкес, атап айтқанда, екі қазақстандық авиакомпания – Air Astana және Scat қызмет көрсететін 20-дан астам рейс кешіктірілуде.


"Кідірістерге қатысты мынаны хабарлаймыз: рейстерге қызмет көрсету кезек тәртібімен жүргізіледі. Мәселелер бізге тәуелді емес факторларға байланысты туындайды, мысалы, әуе кемелерінің кеш келу себептері, резервтік ұшақтардың жетіспеушілігі, техникалық ақаулар, әуе кемелерін ауыстыру және басқалар. Қосымша ақпарат алу үшін авиакомпанияға хабарласуыңызды сұраймыз", — делінген Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметінде.

2024 жылғы 14 тамызда Air Astana және FlyArystan авиакомпаниялары рейстердің тұрақты кешігуіне және шағымдарға байланысты тексерілетіні белгілі болды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі