Іле Алатауында жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар 12 сағат бойы іздеген

Сурет: Zakon.kz
Алматыда құтқарушылар Қарғалы өзенінің бойымен жағалап, тауға шыққаннан кейін байланысқа шықпаған ер адамды 12 сағат бойы іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайт 23 тамызда болды. Ол кезде үш дос Іле Алатауындағы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында шатыр тіккен.

"Олардың біреуі, 1991 жылы туған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, содан кері оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді", деп хабарлайды ҚР ТЖМ.


Сурет: ҚР ТЖМ


Сурет: ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 25-ші тамызға қараған түні 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар ер адамды тапты.

Ол медициналық көмекті қажет етпеді. 

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Атырау облысында алғаш рет Конго-Қырым инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелді. Дәрігерлер не дейді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді