ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды

Сурет: pxfuel
Шығыс Қазақстан облысында шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Еңбек және халықты қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды.

"Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Министрлік ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, "Востокцветмет" ЖШС Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмысшының денесі табылды.

"Востокцветмет" ЖШС қызметкерлері:

"Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

"Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмысшысы, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты