Астанада өрт сөндірушілер таңертеңнен бері алапат өртпен алысып жатыр

Сурет: Telegram/astanovka98
Астанада 2024 жылы 2 қыркүйекте таңертең тұтанған қоқыс полигоны өртімен ҚР ТЖМ қызметкерлері әлі алысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram-дағы елордалық арналардың бірінде өрттің видеосы жарияланды.


ҚР ТЖМ мәліметінше, ТЖМ өрт сөндірушілері таңертеңнен бастап Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыс өртін сөндіруде.

"Қазіргі уақытта ашық өрт жоқ. Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта су құю және арнайы техникамен топырақ себу жұмыстары жүзеге асырылуда. Өрттің алдын ала ауданы 500 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ТЖД мен ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды", делінген министрліктің кешкі хабарламасында.

Бұған дейін Ақмола облысында Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 15 бала эвакуацияланғаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі