Ақмола облысында Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 15 бала эвакуацияланды

Өрт, Ақмола облысы, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 15 бала, эвакуациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 18:37 Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
2 қыркүйекте Степняк қаласындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт қосалқы бөлмеден шықты. 

"Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимараттан 15 баланы эвакуациялады. Өрт жарты сағат ішінде оқшауланып, 3 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бұған дейін Абай облысында өрт сөндіруші алапат өрт ішінен газ балонын алып шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: