Түркістан тұрғыны арыстан мен жабайы құстарды үйінде асыраған

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 11 қыркүйекте ҚР ІІМ мәлімдеді.

Ведомство ақпаратынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі.

Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттігі үшін асырағанын жеткізді.

"Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды". ҚР ІІМ

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: