Ақтауды түтін басып, қала тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануда

Сурет: видеодан алынды
Бүгін, 15 қыркүйекте таңертең түтін басқан Ақтау қаласының тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7, 9, 11, 12, 13, 35 ықшам аудандарын түтін басты. Жергілікті тұрғындар әуежайға бара жатқан жолда қоқыс полигонындағы өртті видеоға түсіріп алған. "Түтінге себеп осы болуы мүмкін", деп топшылайды ақтаулықтар, деп жазады Lada.kz жергілікті басылымы.

Өңірлік ТЖД-ның хабарлауынша, қоқыс полигоны бықсып жатыр. Алдын ала ауданы - 800 шаршы метр. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті әкімдіктің техникасы жұмыс істеп жатыр.  Қоқысты сорттау жұмыстары жүргізілуде.


Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді