ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, Есіл ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгінген. Ол белгілі бір ер адам автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде беріп, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлаған.
"Жәбірленушінің айтуынша, ол сату туралы хабарландыруды "Колеса КЗ" қосымшасына орналастырған, содан кейін оған ер адам қоңырау шалып, көлікті сатып алу және тексеру сылтауымен кездесуге келіскен. Келіссөздер барысында "сатып алушы" жарты миллион теңгеге автокөлікті қайта ресімдеуге көмектесемін деген. Кепіл ретінде жәбірленуші алаяққа 215 мың теңге аударған. Алайда алаяқ уәделерін орындамаған және байланысқа шығуды тоқтатқан". ҚР ІІМ
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін барлық қызметті мемлекеттік органдардан алу қажет екенін ескертті.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолдардың бірінде жеті адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланды.