Жамбыл облысында ЖКО салдарынан 7 адам тірідей жанып кетті, арасында 2 жасар бала бар
Сурет: Telegram/kriminalkz
Жамбыл облысындағы тас жолдардың бірінде жеті адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдегі ПД ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 526- шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
"Cadillac Escalade" маркалы көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан "DAF"маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Нәтижесінде "Cadillac Escalade" көлігі өз жолағына түсіп, "Газель"маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Оқиға орнында 37 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі, 30 жастағы "Cadillac Escalade" көлігінің жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сондай-ақ, 16 қыркүйекте кешке Қостанай облысы "Торғай-Арқалық" тас жолының 17-ші шақырымында Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында Lexus пен ГАЗель автокөліктері соқтығысты. Салдарынан төрт адам көз жұмды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript