Алматы облысында жол апаты орын алып, 4 адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
23 қарашада түсте "Алматы-Кеген-Түп" тас жолының 2-ші шақырымында 4 адамның өмірін қиған жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 қарашада сағат 15:00 шамасында "Алматы-Кеген-Түп" тас жолының 2-ші шақырымында Toyota көлігін тізгіндеген 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mitsubishi көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында Toyota көлігінің жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушысы қаза тапты. Сонымен қатар, Mitsubishi көлігіндегі 4 азамат түрлі дене жарақаттарымен Есік қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Аталған дерекке сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript